Құрметті клиент!

«Қазақтелеком» АҚ бағдарламалық жасақтаманың өзекті әрі қолдау көрсетілетін нұсқалары қолжетімді plesk03 және plesk04 жаңа хостинг серверлерінің пайдалануға енгізілгені туралы хабарлайды:

  • PHP 8.3, PHP 8.4 және PHP 8.5;
  • MySQL 8.4 LTS ДҚБЖ.

Хостинг қызметтерінің тұрақты және қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету, сондай-ақ бағдарламалық жасақтаманың қолдау көрсетілетін нұсқаларына көшу мақсатында «Қазақтелеком» АҚ клиенттердің сайттарын plesk01 және plesk02 серверлерінен plesk03 және plesk04 жаңа серверлеріне кезең-кезеңімен көшіреді.

Көшіруді 2027 жылғы 31 қаңтардан кешіктірмей аяқтау қажет. Көрсетілген күннен кейін plesk01 және plesk02 серверлерін пайдаланудан шығару жоспарлануда.

Көшіру шарттары

  • Көшіру клиенттің өтінімі негізінде жеке тәртіппен жүзеге асырылады. Қолданыстағы тариф пен қызмет көрсету мерзімі сақталады.
  • PHP 8.3 және одан жоғары нұсқалармен үйлесімді сайттар көшіріледі. PHP 8.0–8.2 нұсқаларын пайдаланатын сайттар алдын ала үйлесімділікке тексеріледі. PHP 7.4 және одан төмен нұсқадағы сайттар клиент CMS пен бағдарламалық кодты жаңартқаннан кейін ғана көшірілуі мүмкін.
  • Көшіру барысында сайттың IP мекенжайы өзгереді. Егер доменнің DNS аймағына «Қазақтелеком» АҚ қызмет көрсетсе, DNS жазбаларын біздің техникалық мамандарымыз жаңартады. Егер DNS аймағына бөгде провайдер немесе тіркеуші қызмет көрсетсе, клиент DNS жазбаларын берілген техникалық деректер негізінде өз бетінше жаңартуы қажет.
  • Ауыстырып қосу кезінде сайт пен электрондық пошта қысқа уақытқа қолжетімсіз болуы мүмкін, әдетте 60 минуттан аспайды. Ауыстырып қосу кезеңінде түскен пошта хабарламалары жоғалмайды.
  • Көшірудің болжамды ұзақтығы типтік сайт үшін 1 сағатқа дейін, ал файлдар, дерекқорлар мен пошта көлемі үлкен сайттар үшін 2 сағаттан 8 сағатқа дейін.

Өтінім беру тәртібі: көшіруді ұйымдастыру үшін IDHost техникалық қолдау қызметіне хабарласып, өтінімді көшірудің қалаған күнінен кемінде 2 жұмыс күні бұрын жіберуіңізді сұраймыз.

IDHost қолдау қызметінің байланыс ақпараты:

  • Электрондық пошта: support@idhost.kz
  • Телефон: +7 727 377 71 27
  • Тегін нөмір: 8 800 080 01 88

Жұмыстар жұмыс күндері (дүйсенбі–жұма, сағат 08:30-дан 17:30-ға дейін) Сізбен алдын ала келісілген уақытта орындалады.

Сайтыңыздың PHP 8.3 және одан жоғары нұсқалармен үйлесімділігін алдын ала тексеріп, қажет болған жағдайда CMS пен бағдарламалық кодтың жаңартылуын қамтамасыз етуіңізді сұраймыз.

Өтінім беруді кейінге қалдырмай, көшіруді 2027 жылғы 31 қаңтарға дейін аяқтауыңызды сұраймыз. Бұл қолданыстағы серверлер пайдаланудан шығарылғаннан кейін қызметтердің қолжетімділігі тоқтап қалуының алдын алуға мүмкіндік береді.

Ынтымақтастығыңыз бен түсіністігіңіз үшін алғыс білдіреміз!

 

Құрметпен,
«Қазақтелеком» АҚ



Дүйсенбі, Қараша 23, 2026

« Артқа