Құрметті клиент!

IDHost платформасында пайдаланылатын жабдықтың ескіруі мен тозуы салдарынан туындаған апаттық жағдайларға байланысты Solus платформасында VPS қызметін пайдаланатын клиенттер үшін жаңа физикалық серверлер бөлінді. Көрсетілетін қызметтердің тұрақтылығы мен сенімділігін арттыру мақсатында клиенттердің барлық VPS-серверлерін жаңа жабдыққа көшіру қажет.

Жұмыстарды жүргізу тәртібі

1. Жоспарлы көшіру – 2026 жылғы 30 қазан

Егер серверді күндізгі уақытта көшіруге келіссеңіз, 08:30-дан 17:30-ға дейінгі аралықта жұмыстарды жүргізуге ыңғайлы уақытты көрсетіп, өтінім жолдауыңызды сұраймыз. Көшіру жұмыстары өтінімдердің түсу ретіне қарай клиентпен келісілген уақытта жүргізіледі.

2. Міндетті көшіру – 2026 жылғы 1 қараша

Жұмыстардың шұғылдығына байланысты бұрын көшірілмеген барлық VPS-серверлер 00:00-ден 07:00-ге дейінгі аралықта міндетті көшіру жұмыстарын жүргізу үшін өшіріледі.

Көшіру кезінде әрбір VPS-сервердің жұмысындағы үзіліс ұзақтығы көшірілетін деректер көлеміне байланысты болатынын және кемінде 15 минутты құрайтынын назарларыңызға саламыз.

Жұмыстарды жүргізудің барлық күндері мен уақыты Алматы қаласының уақыты бойынша көрсетілген.

Қызметтеріңіздің жұмысына ықтимал әсерді барынша азайту үшін көшіруге алдын ала өтінім беріп, жұмыстарды жүргізуге ыңғайлы уақытты таңдауыңызды сұраймыз.

IDHost техникалық қолдау қызметінің байланыс деректері:

Электрондық пошта: support@idhost.kz
Телефон: +7 727 377 71 27
Тегін қоңырау шалу нөмірі: 8 800 080 01 88

VPS-серверлерді көшіруге қатысты барлық сұрақтар бойынша көрсетілген байланыс деректері арқылы IDHost техникалық қолдау қызметіне хабарласа аласыз.

Түсіністік танытқаныңыз үшін алғыс білдіреміз және туындауы мүмкін қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.



Жұма, Қазан 30, 2026

« Артқа